Астанада тұрғын үй сертификатын алатындардың тізімі артты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада тұрғын үй сертификатын алатын азаматтардың саны арттырылады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан басшысы атап өткендей, бұрын тізімде толық емес, көпбалалы, мүгедек бала бағып отырған отбасылар ғана болса, қазір оған халықтың әлеуметтік аз қамтылған санаттарының барлығы қосылып отыр. Оның ішінде жетім балалар да бар.

«Азаматтарды қабылдау кезінде жиі көтерілетін мәселенің бірі – баспана. Пәтер алу жолдарын қарастыруды өтінген асыраушысы жоқ балалармен бірнеше рет кездестім. Санатты кеңейту құжатының жоспарын мәслихаттың алдағы сессиясына қарауға береміз. Құқықтық-нормативтік процедуралар аяқталған соң, сертификат алушылар санатының жаңа тізімін бекітеміз. Тұрғын үй сертфикатының көлемі – 1 млн теңге. Оларды «Шаңырақ» (5-10-20) жобасына қолдануға да болады.
Осылайша, ертеректе бекітілген тізімге енді: жетім балалар; I және II топ мүгедектері; зейнеткерлер; ҰОС ардагерлері және соларға теңестірілгендер; мемлекеттік, қоғамдық немесе әскери тапсырма орындау кезінде қаза болғандардың отбасылары қосылады. Сонымен бірге экологиялық апат кезінде, табиғи немесе техногендік ТЖ кезінде баспанасынан айырылғандар; бөтен елдердің аумағында ұрысқа қатысқандар; «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегері немесе ертеде «Батыр ана» атағын алған көпбалалы аналар; I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталғандар; көпбалалы отбасылар және т.б. кіреді», - деп жазды А.Көлгінов Instagram-да.
Мәлім етілгендей, Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл қолжетімді баспана құрылысы үш есеге ұлғайтылған. Бұған қоса, Қазақстан ипотекалық компаниясымен бірлесіп, әлеуметтік пәтер алатындардың санаты да кеңейтілген. Биыл 1 мың пәтерді дәрігерлер мен мұғалімдерден басқа – әлеуметтік қызметкерлер, полиция, мәдениет және спорт қайраткерлері де ала алады.


Соңғы жаңалықтар