Астанада турфирма директоры клиентін 1 млн теңгеге алдап кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан туризм гроуп» ЖШС туристік фирмасының директоры фирманың клиентін 1 миллионнан астам теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметі.

«Есіл аудандық ІІБ тергеу басқармасы «Қазақстан туризм гроуп» ЖШС туристік фирмасының бас директорына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Ол шет елге саяхатқа шығуды ұсынып, алдап-арбау жолымен 57 жастағы Астана тұрғынының бір миллион теңгеден астам ақшасын алған», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қалалық ІІД аталған туристік фирманың алаяқтық әрекетінен жәбірленген азаматтар болса төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласуын сұрайды:

8 (7172) 71-65-43, 71-65-58, 79-88-05,

Ұ.т.: 8 (778) 666-02-03.  

Соңғы жаңалықтар