Астанада тұңғыш рет садақ атудан Қазақстан біріншілігі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Астанада тұңғыш рет садақ атудан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

ҰОК-нің мәліметінше 27 маусымға дейін жалғасатын дода елорда төріндегі «Жас Батыр» спорттық кешенінің базасында ұйымдастырылады.

Жарысқа 9 команда, нақтырақ айтсақ, Алматы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары, ОҚО, БҚО және Ақтөбе, Астана, Алматы қалаларынан келген спортшылар қатысады. Елордамызда тұңғыш рет өткелі отырған чемпионаттың ашылу салтанаты 22 маусым күні сағат 12:00-ге жоспарланған.

Садақ атудан Қазақстан құрамасының жетекшісі Еділ Темірбековтің айтуынша, ел чемпионатынан соң Азия ойындарына қатысатын команда жасақталып, Жазғы Азиадаға тыңғылықты дайындық басталады. 

Соңғы жаңалықтар