Астанада «Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауы басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың «Қазмедиа» орталығына «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің салтанатты рәсімі басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Айтулы шараға қазақ телевизиясының ардагерлері мен телеарна ұжымдарындағы журналистер мен жүргізушілер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, эстрада жұлдыздары шақырылған. Олар арнайы төселген қызыл кілеммен жүріп өтті.

Еске сала кетсек, телевизия саласындағы үздіктерді анықтайтын конкурс биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр.

Биылғы жылы байқау 9 номинация бойынша өткізіледі. Үміткерлер, «Үздік телевизиялық сериал», «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік деректі фильм», «Үздік ақпараттық-талдау бағдарламасы», «Телевизиялық маусымның үздік оқиғасы», «Үздік ойын-сауық жобасы», «Үздік өңірлік тележоба», «Үздік тележурналист», «Үздік тележүргізушісі» аталымдарында бақ сынайды.
null null null null

Сыйлық алуға ұлттық және аймақтық телевизиялық хабар тарату компаниялары, студиялар, продюсерлік орталықтар және телевизиялық контентті өндіретін медиа индустрияның басқа да ұйымдары қатыса алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бәйгеге 2019 жылдың 22 ақпанынан 10 наурызына дейін 300-ден астам өтінім келіп түскен.
null null null

"Үздік телевизиялық сериал" аталымында «Красный уровень» («КТК» телеарнасы), «Бессонница» - (Жетінші арна), «Кейкі мерген» (Ұлттық арна) және «Қарлығаш ұя салғанда» (Хабар) телесериалдары номинанттар тізіміне енді.

"Үздік әлеуметтік жоба" аталымында «Армандастар» (ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры), «Біз біргеміз. Ана үйі» - «Мы вместе. Дом мамы»» - («Астана» телеарнасы), «Қарекет» (Ұлттық арна) және «Balapan» арнасының «Дос болайық» жобасы Тұмар бәйгесіне үміткер болып отыр.

"Үздік деректі фильм"

1. «Столица Великой Степи» - ҚР Президенті Телерадиокешені

2. « Времен связующие звуки» - «МИР» телеарнасы

3. «Ғажайып Қазақстан» - «Астана» телеарнасы

4. «Discovery Atlas Kazakhstan» - «Kazakh TV» телеарнасы.

"Үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама"

1. «Вечерняя информационная программа» - «Хабар 24»

2. «Информбюро» - 31 арна

3. «AQPARAT» - QAZAQSTAN телеарнасы

4. «Большие новости» - «КТК» телеарнасы

"Телевизиялық маусымның үздік оқиғасы"

1.« Gakku Дауысы 2018» - «Gakku TV» телеарнасы

2. «Discovery communications ынтымақтастық жобасы» - «Kazakh TV» телеарнасы

3. «Ұлы Дала бірлігі» - Жетінші арна.

4. «Junior Eurovision-2018» қатысу үшін Қазақстанның ұлттық іріктеуі - «Хабар» телеарнасы.

"Үздік ойын-сауық жобасы"

1. Реалити-шоу «Qaraberi» - «НТК» арнасы

2. «Топжарған» - «Хабар» телеарнасы

2. «QAZAQSTAN FIGHTER» - «QAZSPORT» телеарнасы

4. «Қызық таймс» - «Хабар» телеарнасы (продакшн Б.А.С.про кз)

"Үздік өңірлік тележоба

1.«WELCOME TO QYZYLJAR» - QZ MEDIA PORTAL («Қазақстан - Qyzyljar»)

2. «100 шагов» - «Қазақстан -Saryarqa»

3. «Журналистік зерттеу» - «Қазақстан - Аqtobe»

4. «Бала - барың» - «Caspian news».

«Үздік тележурналист»

1. Әділет Құсайынов - «Астана»

2. Иван Тулинов - «Хабар 24»

3. Ғабит Бөкенбай - «QAZAQSTAN»

4. Харламов Константин - «ATAMEKEN BUSINESS»

«Үздік тележүргізуші»

1. Аида Боранбай - 31 арна

2. Данил Москаленко - «ATAMEKEN BUSINESS»

3. Серікбек Жанболат - «КТК»

4. Ерлан Игісінов - «Хабар».

null

Соңғы жаңалықтар