АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада қалың тұманға байланысты жабылған республикалық автожол учаскесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «112» қызметіне сілтеме жасап.
Сағат 13:40-та күн райының тұрақталуына байланысты «Екатеринбург-Алматы» республикалық маңызы бар автожолының (1291 – 1353 шақырым аралығы.) «Астана қаласы –Анар бекеті» учаскесі барлық көлік түрлері үшін қайта ашылды.
Еске салайық, елордадағы тұманға байланысты аталған трасса бүгін сағат 10:30-да жабылған болатын.