Астанада тұман сейіліп, қаламаңы автобустары рейске оралды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада тұманға байланысты қозғалысы тоқтатылған қала маңы автобустары қайта қатынай бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.

№ 305, 312 315, 316, 327 қаламаңы бағдарларының қозғалысы бүгін таңертең тоқтатылған болатын. Комания мәліметінше, қазір барлық рейс штаттық режимде орындалып жатыр.

Сондай-ақ қалың тұманнан көлік қозғалысына шектеу енгізілген «Астана қаласы –Анар бекеті» жолы қайта ашылды. Бұл - «Екатеринбург – Алматы» автожолының 1291-1353 шақырым аралығы.


Соңғы жаңалықтар