Астанада туған сәбилерге домбыра сыйға берілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 1 шілдеге қараған түні дүниеге келген сәбилерге домбыра сыйланды, деп хабаралйды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ұлттық домбыра күніне орай, Қазақстан халқы Ассамблеясының астаналық филиалы мен Астана әкімдігі қаланың екі перинаталдық орталығында «Бабалардың көзіндей қасиетті Домбыра» қайырымдылық акциясын өткізді. «Аталған акцияның мақсаты - қазақтың ұлттық аспабы домбыраны насихаттау арқылы ұлттық мәдениетті сақтау және жандандыру. Әзірге 00:00 мен 09:00 аралығында Астананың барлық перзентханаларында 29 сәби дүниеге келді», - делінген Астана әкімдігінің ресми сайтында. 

Еске сала  кетсек,  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде қоғамды одан әрі топтастыру мақсатында шілденің алғашқы жексенбісін - Ұлттық домбыра күні деп белгілеу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Аталған құжатқа сәйкес бүгін Қазақстан жұртшылығы Ұлттық домбыра күнін алғаш рет атап өтуде.

Соңғы жаңалықтар