Астанада триатлоннан ҚР чемпионаты өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада триатлоннан Қазақстанның ашық чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Әзірге чемпионаттың жүзу бойынша аралық кезеңі аяқталды. Командалық есепте «Astana Team» командасының спортшысы Станислав Редько 21 минут көрсеткішімен көш бастады. Одан кейін кәсіби санаттағы үш спортшы - Виктор Земцев (Украина), Иван Тутукин (Россия) және Максим Крят (Қазақстан) мәреге жетті.

«Жарысқа түскен 155 адамның үшеуі ғана PRO санатына жатады, қалғандары - әуесқойлар. Қатысушылардың басым бөлігі үшін бұл жай ғана хобби, осылайша жұмыстан тыс уақытта демалады», - дейді жарыстарды хабарлаушы Александр Олейник.

Чемпионатта спорт әуесқойлары кәсіпқой атлеттермен қатар 1,8 шақырымды жүзіп өтіп, 90 шақырымды велосипедпен бағындырды және 21,5 шақырымды жүгіріп өтті.

Соңғы жаңалықтар