Астанада тоғызқұмалақтан өткен турнирге мықты 10 ойыншы қатысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында тұңғыш рет тоғызқұмалақтан өткен «The ONE Hotel Open» республикалық турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Тоғызқұмалақ спорты федерациясы мәлім еткендей, аталған сайыс кеше, яғни 21 мамыр күні елордада «The ONE Hotel» қонақ үйінің демеушілігімен өтті.

Жарысқа еліміздің ең үздік деген 10 ойыншы қатысты. Олардың қатарында әлем, Азия біріншіліктерінің, сондай ақ ҚР чемпионатында ешкімге дес бермей жүрген ойыншылар болды.

Жарыстың ашылуы салтанатына Дүниежүзілік жəне тоғызқұмалақ федерациясының президенті - Әлихан Байменов қатысып, ойыншыларға сәттілік тіледі.

Аса тартысты өткен турнир барысында бас жүлдені Ғалымжан Темірбаев (Шымкент) алса, екінші орын Жанат Қаймолдинге (Павлодар) бұйырды. Ал үздік үшінші орынды Биғали Зікрияев (Нұр-Сұлтан) жеңіп алды.
null

Аталған додада жеңімпаз бен жүлдегерлер атанған ойыншылар «The ONE Hotel» тағайындаған дипломдары мен ақшалай сыйақымен марапатталды.
null

Еске сала кетсек, жарысты жыл сайын ұйымдастыру жөніндегі ойды таяуда Түркияда тоғызқұмалақтан өткен әлем чемпионаты аясындағы жиналыста «Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының» вице-президенті қызметіне сайланған, тоғызқұмалақ жанашыры Мақсат Раманқұлов ортаға салған болатын.
null null

Соңғы жаңалықтар