Астанада ТМД және Балтық елдерінің ХV облигациялық конгресі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 мамыр - 1 маусым күндері Астанада ТМД және Балтық елдерінің ХV облигациялық конгресі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараны «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолдауымен Cbonds-Congress компаниясы, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС мен қалалық әкімдік ұйымдастыруда.

ТМД және Балтық елдерінің облигациялық конгресі - Ресей, Украина және басқа да елдердің несие нарығындағы кәсібилерді жинап бас қосатын жыл сайын өтетін іс-шара. Биыл шараны қатысушылар Қазақстанның астанасында өткізбек.

2018 жыл «Астана» халықаралық қаржы орталығы ресми түрде босатылатын жыл, бұл Еуропа және Азия елдері үшін қаржы хабы есебінде орналасқан жер болмақ. Конгреске қатысушылар үшін АХҚО негізгі тұлғаларымен тілдесіп, олардың халықаралық әріптестікті дамыту бойынша жоспарын жақыннан білуге мүмкіндіктері болмақ.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, конгресс жыл сайын әртүрлі жаңа қалада өтеді, бұл шараға қатысушылардың сол елдің мәдениеті мен экономикасын жақыннан білуіне мүмкіндік береді.

Іскерлік бағдарлама арасында: Қазақстан Республикасы қаржы нарығындағы инфрақұрылым, қаржы нарығын дамытудағы макроэкономикалық тренд, инвесторлардың дискуссиясы бар.

Конгрестің серіктесі мен демеушілері: Halyk Finance, Газпромбанк, ГК РЕГИОН, BCS Global Markets, «АК БАРС» Банк, Альфа Банк, Мәскеу биржасы, Clearstream, ICU, Saxo Bank, BCC Invest, Цесна Капитал, KASE және басқалар.

Соңғы жаңалықтар