Астанада ТМД мемлекеттерінің қорғаныс саласы өкілдерінің мәжілісі өтуде

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Астанада ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қорғаныс ведомстволарының топографиялық қызметтерді үйлестіруші комитетінің отырысы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжіліс қатысушылары ТМД елдерінің Қарулы күштері арасындағы топографиялық қызметтердегі өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылауда.

Сонымен қатар, әскери мақсаттағы бірыңғай геоақпараттық жүйені дамыту тұжырымдамасы жоспарының жүзеге асырылу барысы мен ТМД елдері қорғаныс ведомстволарының 2019 жылға арналған топографиялық қызметтердің ортақ іс-шараларын белгілеу мәселелері қаралуда.

«Бүгінгі отырыста топографиялық қызметтердің бейбіт және соғыс уақытында әскерлерді топографиялық тұрғыдан қамтамасыз ету, әскерлердің топографиялық дайындығын ұйымдастыру, топогеодезиялық техниканың жаңа үлгілерін даярлау, жасау және өзара тәжірибе алмасу» келісімдері жүргізілуде»,- деді ҚР Қарулы Күштерінің Бас Штаб бастығының орынбасары вице-адмирал Жандарбек Жанұзақов.

Одан бөлек, қатысушылардың шара аясында Ұлттық ғарыш орталығына сапары жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар