Астанада ТМД елдерінің өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар мәселелерін талқылайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 19 қарашасында Астанада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша мемлекетаралық кеңестің отырысы болып өтеді. Бұл туралы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) Атқарушы комитетінің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Отырыста ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Ынтымақтастық концепциясының жобасы, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Ынтымақтастық туралы келісім жобасы жұмысын қалпына келтіру, сондай-ақ ТМД-ның сыбайлас жемқорлық саласындаңы жекелеген мәселелерді қарастыру кіретін жекелеген органдарымен өзара ықпалдастық мәселелерін қарастыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша тәжірибесі мен Кеңестің алдыңғы отырысындағы шешімдердің орындалу барысы талқыланбақ.

Кеңес мүшелері кезекті мерзімдегі төрағасын сайлап, кезекті отырыс өткізілетін орынды белгілейді.

Соңғы жаңалықтар