Астанада ТҚС қызметкері жөндеуге қалдырылған көліктердің автобөлшектерін ұрлаған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жөндеуге қалдырылған автокөліктердің қосалқы бөлшектерін ұрлаумен айналысқан техникалық қызмет көрсету стансысының жұмысшысы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана ІІД Алматы аудандық ішкі істер бөлімінің тергеу бөлімшесі техникалық қызмет көрсету стансысының жұмысшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Анықталғандай, күдікті жөндеуге қалдырған автокөліктердің қосымша бөлшектерін ұрлаған немесе алмастырып отырған», - деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметінен.  

Алматы аудандық ІІБ криминалдық полиция бөлімшесі жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті Шымкент қаласында ұсталды.

Қалалық Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, қазір ол қамауға алынған. ҚР Қылмыстық Кодексінің «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полицейлер күдіктінің әрекетінен зардап шеккендерді Алматы аудандық ішкі істер бөліміне жүгінуді сұрайды.

Соңғы жаңалықтар