Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 366.43 EUR 420.11
RUB 5.58 CNY 52.87
Jańalyqtar

Астанада ТҚО объектілерді қорғаудың цифрлық басқару жүйесі ұсынылды

2018 жылғы 23 қыркүйек 08:43 403
Бөлісіңіз:
Астанада ТҚО объектілерді қорғаудың цифрлық басқару жүйесі ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен терроризмге қарсы комиссияның отырысы болып өтті. Жиында әкім терроризмге қатысты осал объектілерді қорғаудың ағымдағы жағдайымен және қауіпсіздікті күшейту туралы ұсынылған шаралармен танысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ұқсас жаңалықтар
АХҚО семинары отандық компаниялардың қызығушылығын тудырды IOSCO қамқорлығымен «Инвесторлар күні» өтті

Айта кетейік, жыл басынан ішкі істер органдары қаладағы 1106 объектінің 634-ін тексеріп шықты. 115-тен астам бұзушылықты жою туралы ұйғарым жазылды, 76 ТҚО объектінің қожайыны мен басшысына және де 5 күзет қызметін жүргізетін субъекті әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәжілісте қауіпсіздікті күшейте түсу үшін қаладағы барлық терроризмге қарсы жүйені қайта қалыптастыруға бағытталған бірнеше ұсыныстар айтылды.

Соның ішінде объектілер мен халықты қорғау процесінің интерактивті жүйесін ұсынатын пилотты жобаны босату. Авторлардың айтуынша ұсынылып отырған жүйе әрбір мүдделі объектінің айналасындағы инфрақұрылымды дайындыққа, кез келген кризистік жағдай туындаған кезде нақты әрекетті жоспарлауға, дер кезінде қай жаққа көшірудің бағытын анықтауға, төтенше қызметтің келу маршрутын, жедел штабтың орналасу орнын схемалы түрде анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, астанадағы барлық терроризмге қарсы объектілердің құжатының цифрлық нұсқасы жинақталған жүйе мен «IKomek» Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының базасымен қамтамасыз етуді ұсынуда.

Сондай-ақ жобаны толықтай кең түрде енгізу үшін қаладағы барлық объектілердің схемасын құрастыру қажет, оған көппәтерлі тұрғын үйлер де кіреді, толықтырудың үзіліссіз механизмі мен мәліметтер базасын жаңартып отыру, жүктелген критерийге сәйкес мүдделі объекті бойынша ақпаратты жедел түрде алуға көмектеседі, субъектінің иелігіне зардабын тигізбестен онлайн-мониторинг жүргізеді және де бір мезетте немесе мекенжайға шұғыл хабарландыру жібереді.

Жобаны сәтті іске асырған жағдайда өте күшті төтенше оқиғалар кезінде жедел әрекет етудің тиімді жүйесін қалыптастырады. Бұл жұмыстың нәтижесі - қаланың терроризмге қарсы бірыңғай құжаттарын қалыптастыру жұмысы болмақ. Мәжілістің қорытындысы бойынша Астана әкімі өкілетті органдарға аталмыш мәселені тиянақты зерттеп, айтылған шараларды іске асыру туралы нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Астана, Басқа меморгандар,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT