Астанада Тәуелсіздік күніне орай мұқтаж жандарға азық-түлік себеті таратылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада 1 мыңға жуық мұқтаж жанға азық-түлік себеті таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәуелсіздік күніне орай елордада түрлі бағыттағы 50-ге жуық шара өтеді. Іс-шараларды қала әкімдігінен бөлек, үкіметтік емес ұйымдарда да өткізіп жатыр. Шаралардың форматы да әртүрлі. Кеше 1 мыңға жуық мұқтаж жанға азық-түлік себетін тараттық. Оның ішінде әлеуметтік осал топқа жататын отбасылар да бар», - деді Астана қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының бөлім басшысы Аян Ерментаев.

Сондай-ақ, әкімдік өкілі Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай келе, астаналықтарға үндеу жолдады.

«Мемлекеттік ту – тәуелсіздіктің символы. Осы орайда мереке күні елорда жұртын үйдің терезесіне немесе балконға ту іліп қою дәстүрін қолдауға шақырамын», - дейді ол.

Айта кетсек, бүгін елордада Тәуелсіздік күніне орай автошеру өтті.

Аталған шараға мемлекеттік ту тағылған 30-дан астам жеңіл көлік қатысты.

Автошеру қатысушылары мемлекеттік рәміздер алаңынан бастап «Отан қорғаушылар» монументіне дейін 31 шақырым жүріп өтті.


Соңғы жаңалықтар