Астанада Тәуелсіздік күніне арналған отшашуларды қайдан көруге болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күніне орайластырылған мерекелік отшашу 16 желтоқсанда сағат 22.00-де Есіл өзенінің жағалауында болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Отшашу Тәуелсіздік күніне арналған ірі мерекелік іс-шараларды қорытындылайды. Әдеттегідей, ашық аспан астында - елорда әкімдігінің алдындағы Қалалық алаңда  болатын үлкен концерт қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтеді.

16 желтоқсанда қала тұрғындары мен қонақтары Астана қаласының мемлекеттік академиялық филармониясы солистерінің, «Z» триосының, «Аламан» триосының, «Арт Домбыра» триосының, Досымжан Таңатаровтың, ағайынды Жүгүнісовтардың, Дос пен басқа да отандық әншілердің өнерін тамашалайды. 

Қазіргі кезде Астана қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге белсенді дайындық үстінде. Елордалық мәдениет және спорт мекемелерінде атаулы датаға орай түрлі шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, театрларда спектакльдер, көрмелер, концерттер, спорттық жарыстар өтеді. 

Тәуелсіздік күні мерекесіне орайластырылған шаралар 6 желтоқсанда бастау алды. Ай соңына дейін Тәуелсіздік сарайында «Еркіндіктің дастаны - Астана» және «Хроники Независимого Казахстана» атты фотокөрмелер көпшілік назарына ұсынылады. Саяси қуғын-сүргін құрбандарының «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешенінде 10-16 желтоқсан аралығында «Желтоқсанның асықпаған ақиқаты немесе бес комиссия мүддесі» деректі фильмі көрсетіледі, ал 14-і күні «Желтоқсан - Тәуелсіздік рухы» дәрісі оқылады. «Тәуелсіздік таңы атты» көрмесі 14-18 желтоқсанда С.Сейфуллин музейінде өтеді. Ал елордалық кітапханаларда кітап көрмелері мен тәуелсіздік тақырыбындағы ашық сабақтар ұйымдастырылады. 11-13 желтоқсанда Мемлекеттік академиялық филармония мерекеге орай «Сарыарқа» халық музыкасы ансамблінің, «Шалқыма» халық биі ансамблінің және халық әнін орындаушылардың қатысуымен «Думанды ел»; Қазақ оркестрінің және халық, классикалық және эстрадалық вокал солистерінің қатысуымен өтетін «Азия дауысы» және «Тәуелсіздік тұғырым» үрмелі аспаптар оркестрлерінің концерттер циклын қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынады. 

Елордалық театрлар демалыс күндері көрермендер үшін ашық болады. Қуыршақ театрында, «Жастар» театрында және Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрында түрлі қойылымдар көрсетіледі (шаралар жоспары тіркелген).

ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған шаралар жоспары 


№  Шараның атауы  Өткізу күні     Өткізу орны

1.«Еркіндіктің дастаны - Астана» фото көрмесі 6-31 желтоқсан Тәуелсіздік сарайы  

2. ОРМБЖСМ көркем гимнастика біріншілігі 6-9 желтоқсан

3. «Думан» СК «Хроники Независимого Казахстана» фотокөрмесі 7-31 желтоқсан

4. Тәуелсіздік сарайы «Желтоқсанның асықпаған ақиқаты немесе бес комиссия мүддесі» деректі фильмін көрсету 10-16 желтоқсан10.00-18.00

5. «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешені «Тәуелсіз Қазақстан - біздің ең қымбат, ен асыл құндылығымыз» кітап көрмелерінің циклы 10 - 30 желтоқсан Қаланың кітапханалары

6. Спорттық гимнастикадан Астана қаласының ашық чемпионаты 10-14  желтоқсан

7. №1 ОРМБЖСМ «Думанды ел» концерті, «Сарыарқа» халық музыкасы ансамблі, «Шалқыма» халық биі ансамблі және халық әндерін орындаушылар) 11 желтоқсан19.00 «Астана» концерт залы  

8. Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының үрмелі аспаптар оркестрінің «Азия дауысы»  концерті 12 желтоқсан 19.30

9. «Астана» концерт залы «Желтоқсан - тәуелсіздік рухы» тақырыбындағы шаралар (1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандармен бірге) 13 желтоқсан11.00 «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешені «Қасіретім қуанышым» еске алу сағаты 12 желтоқсан

10.   «Тәуелсіздік - елімнің еркін жолы» тарих сағаты 13 желтоқсан 10.00

11. «Тәуелсіздік тұғырым»  концерті (қазақ оркестрі, халық, классикалық, эстрадалық вокал солистері) 13 желтоқсан19.00

12. «Астана» концерт залы «Тәуелсіздік таңы атты» көрмесі 14-18 желтоқсан10.00-18.00

13. С.Сейфуллин музейі «Живи в веках Республика моя» көрмесі 14 желтоқсан


14. «Тәуелсіздіктің белгісі - Астана» көрмесі 14 -31 желтоқсан

15. Тәуелсіздік сарайы «Желтоқсан - Тәуелсіздік рухы» дәрісі 14 желтоқсан 10.00-18.00

16. «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешені

17.  Дүйсенбиев «Махаббат миниатюралары», театрландырылған концерттік бағдарламасы 14 желтоқсан 16.00

17.  Шаңғы жарысынан «№2 МБЖСМ» біріншілігі 15-16  желтоқсан


18. К. Ешмуратова «Сиқырлы сөз», ертегі  15-16 желтоқсан 12.00, 14.00 Қуыршақ театры 


19.   «Алғашқы Қар» 15 желтоқсан Шаңғы-роллерлік трасса

20. Д. Рамазан «Абылай ханның арманы», тарихи драмасы 15 желтоқсан 18.30 Қ.Қуанышбаев ат. Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 

21. М. Байжиев «Тіл табысқандар», комедиясы 16 желтоқсан18.30 Қ.Қуанышбаев ат. Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 

22. Қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен өтетін мерекелік концерт 16 желтоқсан 19.00 Қалалық алаң 

22. Н. Жақыпбай  «Жанарымдағы жалғыз әуен», театрландырылған концерттік бағдарлама 16 желтоқсан19.00 Жастар театры

23. «Барыс» ХК - «Северсталь» ХК командалары арасында 2018-2019 маусымдағы ҚХЛ чемпионаты 18 желтоқсан 19.30 «Барыс Арена» МАС

23. Конькимен жүгіруден Астана қаласының ашық біріншілігі 19-20 желтоқсан «Алау» МС

Соңғы жаңалықтар