Астанада «Тарихи Атажұрт» қоғамдық бірлестігі өз жұмысын бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Тарихи Атажұрт» атты қоғамдық бірлестігі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясы, «Нұрлы жол» бағдарламасы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының бағыттарын іске асыру және шеттегі қандастарымыздың елге келіп еңбек етуіне мүмкіндік жасау мақсатында құрылған бірлестіктің алда атқарар жұмыстары көп», - дейді «Тарихи Атажұрт» қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасы Ғалым Пернебаев.

Аталған қоғамдық бірлестік Қазақстан тәуелсіздігін алған алғашқы сәтте алыстағы ағайындарға хат жолдап, жат елдегі қандастарын қанатының астына алып, тарихи ерлік жасаған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сенімін ақтау арқылы қазақ халқына қалтқысыз еңбек етуді көздейді.

null 

«Тарихи Атажұрт» бірлестігі және осы ұйымның қызметтерін көрсету мақсатында ашылған жаңа сайт («https://atazhurt2050.kz» - авт.) сырттағы қазақтардың елге оралып, шаңырақ көтеріп жалпы Қазақ елінің өркендеуіне қомақты үлес қосуы үшін ауқымды шараларды жоспарлауда.


null 

«Біз ең әуелі atazhurt2050.kz ақпараттық-танымдық портал арқылы әлем қазақтарының әдебиеті мен мәдениетін насихаттап, тұтас қазақ идеясын қалыптастыруға, оның бір ғана Отан - Қазақстанға топтасуына өз үлесімізді қоспақпыз. Жоғарыда аталған портал «Жаңалықтар», «Әдебиет арнасы» «Тарих қоржыны», «Сыр-сұхбат», «Көші-қон», «Ақжолтай» атты айдарларымен тың да деректі материалдар жариялап, өз оқырмандарын қалыптастыратын болады», - дейді «Тарихи Атажұрт» қоғамдық бірлестігі директорының орынбасары жазушы Жәди Шәкенұлы.

Соңғы жаңалықтар