Астанада Тархан көшесі 20 маусымға дейін ішінара жабылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада Ж.Тархан көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту баскармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Ж.Тархан көшесінде орташа жөндеу жұмысы басталғанын мәлімдейді.

Осыған байланысты 8-20 маусым аралығында А.Жұбанов көшесінен бастап, Асан Қайғы көшесіне дейінгі учаскеде көлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», - делінген қала әкімдігінің ресми сайтында.


Соңғы жаңалықтар