Астанада талдықорғандық ұшқыштың апелляциялық шағымы қаралады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат- 13 наурыз  күні Астанадағы  ҚР әскери сотында ұшқыш Әділбек Ысқақовтың апелляциялық шағымы қаралады. Процесс сағат 10:00- ге белгіленген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұшқыш туыстарының соңғы үміті апелляциялық сот. Себебі олар Әділбектің жазықсыз сотталып отырғанына сенімді. Жары Ажар Ысқақованың айтуынша, Әділбек Ысқақов  өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын тәжірибелі ұшқыш.

«Ал ұшақтың жанармайын тексеру оның міндетіне жатпайды. Әскери талап пен ұшқыштардың ұшу тәртібінде ол тек ұшақты ұшырып, қондыруға, ұшу барысындағы тапсырмаларды орындауға ғана міндетті. Ал әуе көлігінің техникалық жағдайына, жанармайына жердегі арнайы қызметкерлер жауап беруі тиіс. Сондай-ақ инженер мен техниктер  ұшақтың қолдануға дайын екені туралы есеп береді. Бұл жағдайда Әділбек өз міндетін толық орындады. Ұшақты қабылдап, аспанға көтерілді. Ақау мыңдаған метр биіктікте белгілі болды. Жердегілердің нұсқауы бойынша ұшақты елді мекендерден алыстатып, бір-ақ секірді. Ол кезде менің күйеуім батыр болды. Ал қазір абақтыда жатыр», - дейді Ажар Ысқақова.

null 

Ұшқыштың зайыбы қазір күйеуін ақтап алуға өзі кірісті. Себебі өзі де әскери салада қызмет етеді. Әділбек Ысқақовтың әскери шеберлігін дәлелдеудің қажеті шамалы. Өмірінің 13 жылын әуе қорғанысына арнаған ұшқыштың марапаттары да аз емес. Анасы Күләш Мәдиханованың айтуынша, Жеңістің 70 жылдығында Астана аспанында «70» санын өрнектеген ұшқыштар қатарында ұлы Әділбек те болған. Сол кезде ол 7 санын шеберлікпен салып шықты.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 15 қаңтарында Талдықорған гарнизоны әскери сотының төрағасы Ринат Ақпар Әділбек Ысқақовқа шығарылған сот шешіміне түсініктеме берген болатын.

null 

«Су-27 ұшағының жанармайын тексермей, ұшақты қабылдап ұшып кеткені анықталды.Ұшып бара жатқанда отынның аз мөлшері салдарынан апаттық жанармай теңгерімін көрсеткен құрылғылар іске қосылған. Алайда әскери қызметкер ұшу ережелерін бұза отырып, құрылғылардың сенімділігіне күмән келтіріп, басшысына оның жанармайының қалған бөлігі туралы шындықты айтпай, қате ақпарат берген», - деді Талдықорған гарнизоны әскери сотының төрағасы Р. Ақпар.  

null null 

Айта кету керек, 2016 жылдың 21 желтоқсанында Талдықорған маңында Су 27 ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар