Астанада талантты жастар фестивалі басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың 20 жылдығына арналған жастар арасындағы «Жаңа белес» фестиваль-байқауы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқау арнайы орта білім беретін оқу орындары студенттерінің арасында дарынды жастарды анықтап, қолдауға бағытталған.

Жастар фестиваль-байқауы 8 күнге жалғсады. Фестивальдің салтанатты ашылуына Бейбіт Құшқалиев, Әкімхан Мəженов, би өнерінен әлем және Еуропа чемпиондары «Бомонд» ансамблі және басқа да эстрада жұлдыздары қатысты.

"Шараның басты мақсаты - аты айтып тұрғандай жастарды жаңа белестерге жетуге мүмкіндік беру, жетелеу. Фестивальде өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, жастардың бір-бірімен танысу, замандастарымен идея алмасу мүмкіндігі қарастырылған. Тағы бір ерекшелігі, бұл тек колледж студенттерінің арасында өтуде. Бір апта бойы 35 колледждің студенттері 5 бағыт бойынша өз өнерлерін ортаға салады. Бұдан бөлек бізде А-35 жобасы бар, оның аясында 35 колледж студенттеріне арналған түрлі бағыттағы шаралар ұйымдастырылады",- деді Астана жастары ММ ұйымдастыру бөлімінің басшысы Аян Ерментаев.

10 қарашаға дейін болатын фестиваль: «Мәнерлеп оқу», «Вокал өнері», «Би өнері», «Ең ақылды», "Фотобайқау" сынды номинациялар бойынша өтуде. 

Соңғы жаңалықтар