Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.01 EUR 420.88
RUB 5.84 CNY 54.64
Jańalyqtar

Астанада тал түсте үш баланың әке-шешесі жоғалып кетті

2018 жылғы 19 сәуір 15:47 375
Бөлісіңіз:
Астанада тал түсте үш баланың әке-шешесі жоғалып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада тал түсте үш баланың ата-анасы - 32 жастағы Исраилжан Идминов пен Гүлхан Терлікбаева бірдей жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елорда әкімдігі уланып қала жаздаған коммуналдық қызмет өкілінің жағдайы туралы айтты Атыраудағы химия зауытында тұтанған өрт сөндірілді

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарап жатыр.

«Полицейлер аталған азаматтарды табу бойынша кешенді түрде жедел-іздестіру шараларын қолға алды. Іздестіру жұмыстарына Астана мен Алматы қалаларының ІІД жеке құрамы тартылды»,-деп хабарлайды қаланың ішкі істер департаменті.

Жоғалған ата-аналардың үш қызы бар. Олардың ең үлкені жеті, ортаншысы бес және кенжесі жасқа жаңа толған бүлдіршіндер.
12 сәуір күні сағат 14.00-де балалардың анасы үйінен шығып, ортаншы қызын «Айгөлек» дамыту орталығына апарған, содан бері хабар жоқ. Үйдің отағасы да дәл сол күні сағат 11.00-де із-түзсіз кеткен.

«Жоғалған әйелдің ерекше белгілері: Бойы 155-160 см, дене бітімі талдырмаштау келген, көзілдірік тағады. Ұлты - қазақ. Үстінде қоңыр түсті пальто, басына ақ-қара жолақты орамал тартқан, аяғына сұр түсті трико және қоңыр етік киген.

Әкесінің ерекше белгілері: Бойы 165-170 см, дене бітімі арықтау келген, ұлты - ұйғыр. Үстіне бас жамылғысы бар жеңсіз қара-көк желет киген. Басында күнқағары бар шапка немесе кепка болуы мүмкін. Аяғына ашық көк түсті джинси мен қара етік, мүмкін көк жолақтары бар кроссовка киген», - деп жазылған әлеуметтік желілерде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT