+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Астанада тағы төрт автожол бірбағытты болады

2018 жылғы 25 қыркүйек 08:14
Бөлісіңіз:
Астанада тағы төрт автожол бірбағытты болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың сол жағалауында төрт автожолда бірбағытты қозғалыс енгізіледі. Онымен қоса, Кенесары мен Абай көшелеріндегі бірбағытты жолдар ұзартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда инфо сайтына сілтеме жасап.

«Бекітілген Көлік кешенін дамыту бағдарламасына сәйкес, қоғамдық көлік үшін Bus Lane жолақтарын сыза отырып, қаладағы алты көшеде: Қонаев, Достық, Түркістан, Ақмешіт және Кенесары мен Абай көшелерін ұзарту арқылы бірбағытты қозғалыс енгізіледі», - деді Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун мәслихаттың кезектен тыс отырысында.

Атап өтілгендей, бұл шешім қоғамдық көлік үшін кедергісіз қозғалысты қамтамасыз етеді. Елордадағы қозғалыстың 60-65 пайызы автобустарға тиесілі. Сондай-ақ С. Хорошун бүгінгі күні қалада бір бағытты алты жол барын айтып өтті: Кенесары, Абай, Желтоқсан, Әуезов, Янушкевич және Мәмбетов көшелері. Олардың жалпы ұзақтығы 14,5 шақырым.

Өз кезегінде мәслихат депутаты Мәжит Шайдаров қозғалыстың аталмыш түрін сол жағалауда енгізбес бұрын оң жағалаудағы жағдайды реттеп алу керектігін айтты. Оның сөзінше, бірбағытты Желтоқсан мен Әуезов көшелері тұрақтарға айналып кеткен. Бұл өзге жүргізушілерге кедергі келтіріп қана қоймай, апаттық жағдайлар да тудырады.

Әкімнің бірінші орынбасары бұл түйіткіл ақылы тұрақтардың екінші кезеңін іске асырумен ішінара шешілетініне сендірді. Бұл ретте С.Хорошун 487 тұрағы бар Нұржол бульварын мысалға келтірді. Нұржолдағы ақылы тұрақ көп табыс әкеліп жатқанына да назар аударылды.

«Тек осы пилоттық жобадан 2018 жылы 30 млн теңге айыппұл бюджетке түсті. Жыл соңына дейін тағы 4 мың, 2019 жылдың соңына қарай барлығы 10 мың тұрақ орнын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Олардың тең жартысы оң жағалауда орналасатын болады», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT