Астанада тағы екі көше жөндеуге жабылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астананың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ғұмар Қараш пен Біржан сал көшелерінде жол жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ғұмар Қараш көшесі бойында Ә. Мәмбетов көшесінен Республика даңғылына дейінгі учаскеде орташа жөндеу жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты 19-21 мамыр аралығында бұл учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Ал 22-25 мамыр аралығында толық жабылады деп күтіледі.

Сонымен қатар Біржан сал көшесі бойында В. Гете көшесінен І.Есенберлин көшесіне дейінгі учаске жөнделіп жатыр. Бұл жерде көлік қозғалысы 19-23 мамыры аралығында ішінара тоқтатылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін өз бағытын алдын ала жоспарлағаны жөн.


Соңғы жаңалықтар