Астанада тағы бір трасса жабылып, қала маңына жүретін 2 автобус тоқтады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада ауа райының нашарлауынан қала маңына қатынайтын тағы екі автобустың қозғалысы тоқтатылып, трасса жабылды, деп хабарлайд ҚазАқпарат.

«Сағат 11:00-де № 308, 309 қаламаңы бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды», делінген City Transportation Systems компаниясының мәліметінде.

Сондай-ақ қаладан шығатын тағы бір трасса жабылды.

«Сағат 10.30-да көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар «Астана қаласы – Қабанбай батыр кенті – Киевка – Теміртау (37 -51 км) автожолының «Қабан батыр кенті – Қарағанды облысының шекарасы» жол учаскесі барлық көлік түрлері үшін жабылды», - делінген делінген 109 IKomek қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, бүгін таңертең жолаушыларды қала маңына тасымалдайтын № 315 және 310 автобустар желіден уақытша алынған болатын.

Сондай-ақ бүгін сағат 08.00-де желдің күшеюі, боран және жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан «Екатеринбург - Алматы» автожолының (1003 – 1247 км аралығы) «Астана қаласы – Атбасар қаласы» учаскесі көліктің барлық түрлері үшін жабылды.

Синоптиктер 3 қаңтарда 13 өңірде ауа райы бұзылатыны жөнінде ескерту жариялаған болатын.


Соңғы жаңалықтар