Астанада тағы бір ер адам жоғалып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жоғалып кеткен екі ер азаматты іздестіру шаралары жалғасып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Із-түзсіз жоғалып кеткен 52 жастағы Дулат Қыдыралинді туыстары іздестіріп жатқанына оныншы күн болды. 25 желтоқсаннан бері ешқандай хабар-ошар жоқ. Оны соңғы рет «Седьмой континент» тұрғын үй кешенінің жанындағы «Елімай» дәмханасынан көрген.

Одан бөлек 27 желтоқсан күні 29 жастағы Николай Еньшин жоғалып кетті. Ол «Есіл көшесі, 13» мекенжайындағы кеңседен жұмыстан шығып, көлігін қызыдырып тұрған. Ұялы телефоны машинасының ішінде қалыпты. Содан бері оны да ешкім көрмеген.

Қазір жоғалғандарды іздестіру жұмыстарына тәртіп сақшылары жұмылдырылды. Астана ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлермен қатар іздеу жұмыстарына ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметкерлері де тартылған.

Әзірге іздестіру шаралары ешқандай нәтиже берген жоқ.

Соңғы жаңалықтар