Астанада тағы 10 автобустың маршруты өзгерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше қоғамдық көліктің жүретін бағыты өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында City Transportation Systems көлік компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Ақпаратқа сенсек, бүгіннен бастап жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №№ 1 А, 18, 21, 52, 45, 28, 70, 37, 32, 44 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.

Бағдарлардың өзгерген қозғалыс сызбасымен мына сілтемеде таныса аласыздар.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда күн жылынғалы жол жөндеу жұмыстары басталды.

Күні кеше № 5, 5А, 7, 12, 20, 21, 25, 31, 40, 71, 72 бағдарларының бағыты уақытша ауысты.

Жалпы осы уақытқа дейін елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты екі учаске жабылған болатын.

Оның алдында екі көше жартылай жабылған.


Соңғы жаңалықтар