Астанада Сығанақ көшесі жөндеуге жабылды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада жол жұмыстарына байланысты Сығанақ көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сауран көшесінен Қазақ телерадиосы көшесіне дейінгі учаскеде (Қабанбай батыр даңғылына қарай қозғалыс) автожол 22 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында жабық болады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген көлік басқармасының хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар