Астанада «суперЦОН» ашылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада халыққа қызмет көрсету аясы кеңейтілген «суперЦОН» орталығы ашылады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мемлекеттік қызмет көрсетуінің клиенттік тәжірибесі негізінде біз тұрғындардың ХҚО-дан қызмет алған соң БЖЗҚ, коммуналдық кәсіпорындар, әкімдік сияқты басқа да инстанциялардың табалдырығын тоздыратынын түсіндік. Сондықтан азаматтардың барлық мәселесі бір жерде шешілуі үшін осы ұйымдардың барлығын бір ғимаратқа шоғырландырғымыз келеді», - деді Бағдат Мусин министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Қазіргі уақытта министрлік Астана әкімдігімен және Президент Әкімшілігі басшылығымен азаматтарға жайлы әрі сапалы қызмет көрсету үшін біртұтас кеңістік, яғни суперХҚО ашуға уағдаластық жүргізген.

Айта кетейік, елордада Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті, онда министрлік жетекшілік ететін бағыттардағы жұмыстың қорытындылары мен басымдықтары талқыланды.


Соңғы жаңалықтар