Астанада сұлулық үшін қылмысқа барған бойжеткенге іздеу жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада сұлулық салонынан бағасы қымбат процедураны жасатып, ақшасын төлемей қашып кеткен алаяқ қыз іздестірілуде, деп хабарлайды Астана қаласы ІІД-нің баспасөз қызметі.

Астана қалалық полиция департаменті өңір тұрғындарынан алаяқтық әрекет жасаған күдіктінің аты-жөнін анықтауға көмек көрсетулерін сұрайды.

«Алматы» аудананың полиция басқармасына сұлулық салонының қызметкері келіп шағымданды. Оның айтуынша, 9 қыркүйек күні өзін Ботагөз деп таныстырған белгісіз бойжеткен Рысқұлбеков көшесіндегі салондарының бірінен шаш өсіру процедурасына тапсырыс берген. Алаяқ 70 мың теңге тұратын қызмет түрін пайдаланған соң, белгісіз бағытта ізін суытқан», делінген хабарламада.

Қазіргі таңда полицейлер күдіктінің аты-жөнін  анықтау үшін және оны  ұстау бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. ҚР ҚК-нің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.

Астана полицейлері қызмет көрсету салаларының қызметкерлерін алаяқтардың құрығына түспеу үшін сақ болуды ескертеді.

Сондай-ақ, полицейлер қала тұрғындарынан «Алматы» ауданының ІІБ-ға келіп жәрдемдесулерін немесе төмендегі нөмірлер бойынша хабарласуларын сұрайды: 8 (7172) 71-67-90, 71-61-48 немесе 102.

Соңғы жаңалықтар