Астанада суға кеткендердің 80%-ы – ішімдік ішкендер мен жабдықталмаған жерде шомылғандар

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бас шаһардың Төтенше жағдайлар департаменті елордалықтарды суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға үндеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Статистикаға сәйкес, суға кетіп қаза болғандардың 80 пайызы жабдықталмаған орындарда шомылғандар мен алкогольдік ішімдік ішкендер. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады», - деп мәлім етті департамент өкілдері.

Ведомство арнайы жабдықталған Орталық жағажай, «Три пескаря» және «Астаналық аула» демалыс орындарында шомылуға болатынын еске салды.

Құзырлы орган суға мас күйде шомылмауды, қайықтар мен катерлердің маңайына бармауды, олардан секірмеуді және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды ескертеді.

Бұрын хабарлағанымыздай, Ақтаудан 43 шақырым жердегі «Дунга» мұнай кен орнының сорғы станциясы аумағында үш адам суға батып кетті.


Соңғы жаңалықтар