Астанада су тасқынынан зардап шеккен балаларға көмек ұйымдастырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл - Зағипа Балиеваның бастамасы бойынша, Қарағанды және Ақмола облыстарына гуманитарлық көмек ретінде екі жүк көлігі жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Балалар омбудсменінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүк салынған көліктерде жылы киімдер, аяқ киімдер, жеке гигиена заттары, жайылмалы төсек, жамылғылар, жастықтар мен өзге де көптеген балаларға қажетті дүниелер бар. Ақтөбе облысында судан зардап шеккендерге көмектесіп жатқан балалар ұйымдарының есебіне қаржы жіберілді. Зағипа Балиеваның бастамасын Мәжіліс депутаттары, «Асыл бала» республикалық қауымдастығының өкілдері де қолдады. Кәсіпкер әйел азаматтар мен танымал қоғам қайраткерлері қажеті тауарларды өздері сатып алып, оларды көліктерге тиеді.

«Біз балалар осындай қиын жағдайда отырғанда қам-қарекетсіз отыра алмаймыз. Қарағанды, Ақмола облыстарында 200 бала қиын жағдайда қалды. Оларға қажетті шарттарды қалыптастыру керек»,-деді Зағипа Балиева.

Зардап шеккендерге жолданған қаржының жалпы көлемі 13 млн теңгені құрады. «Асыл бала» ұйымының өңірлердегі өкілдіктері балаларға жан-жақты көмек көрсету ісіне қолдау көрсетуде.

Соңғы жаңалықтар