Астанада су полосынан жарыс басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада су полосынан ашық кубок басталды. Жарысқа 300-ге жуық спортшы қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Маусымның 25-і мен 30-ы аралығында «Қазақстан» спорт кешені базасындағы бассейнде су полосынан жыл сайын өтетін ашық кубок өтіп жатыр. Жарыс ҚР Астана күніне арналған.

Үздіктер атағы үшін Қазақстан мен Ресейдің 2004, 2006 жылдар аралығында туған және одан жас жасөспірім спортшылар бақ таластырады.

Спорттық бәсекелер таңғы сағат 9-00-ден 19-00-ге дейін жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар