Астанада су басу қаупі бар учаскелер азайды – әкімдік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада су тасқынына қарсы іс-шаралар жүріп жатыр. Су басу қаупі бар учаскелер саны өткен жылдармен салыстырғанда 21-ге дейін азайды. ҚазАқпарат бұл туралы қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Азаматтық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер тұрақты дайындыққа келтірілді. Су тасқыны салдарының алдын алу және жою үшін инертті материалдар қоры дайындалды. Әкімдікте өткен кеңесте су тасқынына қарсы шаралар талқыланды. Сондай-ақ қалалық Төтенше жағдайлар департаменті, «Қазсушар» РМК, «Қазгидромет» РМК, құрылымдық бөлімшелер және тағы басқалары қатысты», - делінген әкімдік мәліметінде.

Қазір Астанада қар мен мұздан тазарту жұмысы күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр. Қыс мезгілі басталғалы коммуналдық қызметтер 3 млн текше метрге жуық қар шығарды. Сондай-ақ арық желілері, нөсер-кәріз жүйесі, жаңбыр қабылдау құдықтары және өзгесі тазартылуда.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қардың еруі салдарынан жеке тұрғын үйлердің су басуына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды, су тасқыны қаупі бар учаскелер мен елді мекендерде қар күреу жұмысын ерекше бақылауға алуды, су өткізу құрылысын тазалауға ерекше назар аударуды және тапсырды.


Фото: gov.kz


Соңғы жаңалықтар