Астанада студенттер қалашығы салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада студенттер қалашығы салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.

«Студенттер қалашығының құрылысы осы жылы басталады. Онда 3 мың студентке арналған жатақхана, кампус және заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені болады», - деді Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының кезектен тыс мәслихатында.

Оның айтуынша, жаңа нысан Еуразия ұлттық университеті студенттерінің жатақхана мәселесін толығымен шешетін болады.

«Осы тұрғыда біз Қазақстандағы ЖОО студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету проблемасын алғашқы болып толығымен шешеміз. Біз университеттің әлеуметтік проблемасының шешімін іздеуде оқу мен тәрбие мәселесін қашанда тең қарастырамыз. Біздің мақсат - тек қана білікті маман әзірлеу ғана емес, сондай-ақ кемелденген азаматты қалыптастыру», - деді университет ректоры.

Айта кетсек, 2018 жылы аталған университет 1-курсқа 7 мыңнан аса студентті қабылдады. Бұл, оның алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 2,5 есе көп.

Соңғы жаңалықтар