Астанада спорттық журналистиканы дамыту мәселелері талқыланады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәуірдің 23-24 аралығында «Қазмедиа Орталығы» медиа-мектебінде «Спортты ұйымдастырудағы маркетинг пен байланыс. Спорт журналистикасындағы жаңа трендтер» атты PR және спорт маркетингі жайында семинар өтеді. Бұл туралы ҰОК ресми сайты хабарлайды.

Семинар отандық спорт журналистерді қолдау мен жетілдіру, баспасөз-қызметтері, спорт федерациялар мен ұйымдардың жұмыстарын жақсарту мақсатында ұйымдастырылады. Бұл шараны «Олимпиадалық ынтықмақтастық» жобасының көмегімен Қазақстан Олимпиада комитеті ұйымдастырады.

Аталмыш семинарда ресейлік беделді спорт журналистері мен комментаторлары шеберлік-сабағын өткізеді.

«Қазақстан ҰОК президентінің бастамасымен біздің ұйым барлық бағыт бойынша ынтымақтастық орнатпақ. Әсіресе спорт журналистикасы мен маркетинг сынды басты салалардың бірінде. Қазіргі таңда олимпиадалық спорт түрлерінің көбінде баспасөз қызметі мен маркетинг мамандары жоқ. Аталған мамандардың командада болуы қаншалықты маңызды екенін түсіндіргіміз келеді. Сонымен қатар, біз семинарға журфактың студенттерін шақырамыз. Ең бастысы, біз спорт журналистикасына қатысты маңызды мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасамыз. Бұл шара журналистер арасында қызығушылық танытса, мұндай семинарды дәстүрге айналдырамыз», - деді Қазақстан ҰОК өкілі Жігер Әзбергенов.

Астанада белгілі журналист, суға секіруден олимпиада чемпионы Елена Вайцеховская, спорт журналисі және комментатор, бокс сарапшысы Александр Беленький, «Спорт-Экспресс» газетінің шолушысы, спорт жайлы 19 кітаптың авторы, «Александр Шмурнов пен Игорь Рабинер спорт журналистикасы мектебінің» жетекшісі және мұғалімі Игорь Рабинер, тележүргізуші, «Первый канал» арнасының спорт комментаторы Виктор Гусев, ресейлік тележүргізуші, спорт комментаторы мен тілші Александр Кузмак, комментатор, екі дүркін олимпиада чемпионы (1984, 1988) Дмитрий Васильев, ресейлік спорт функционері, журналист, тележүргізуші, спорт комментаторы, Ресей Олимпиада комитетінің баспасөз-хатшысы Константин Выборнов және оның әріптесі, РОК коммерция және маркетинг бөлімінің басқарушысы Дмитрий Маневич сынды мамандар тәжірибесімен бөліседі. 

Сондай-ақ, саладағы жаңа трендттер мен мобильді спорт журналистикасы туралы белгілі тілші рә блогер Берік Сұлтан айтып береді.

Конференция «Қазмедиа Орталығы» медиа-мектебі, және «Atameken Bussiness Channel» ақпараттық серіктес пен «Қазспорт» телеарнасының қолдауымен өтеді.

Соңғы жаңалықтар