Астанада спорт мектептеріне балалар қабылдау басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада балаларды спорт мектептеріне қабылдау бойынша ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

18 тамызда 10-нан кешкі 17-ге дейін «Барыс» спорт кешенінде (Мұңайтпасов к-сі, 9, «Қазақстан» СК жанында) ашық есік күні өтеді. Шараға келушілер Астана қаласының спорт мектептеріне балаларды қабылдау туралы ақпарат ала алады. Аталған шара Қазақстанда тамыз айының үшінші жексебісінде аталып өтілетін Спорт күні қарсаңында ұйымдастырылады. 

Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы барлық елорда тұрғындарын Ашық есік күні шарасына шақырады. Мұнда Астананың спорт мектептеріне балаларды қабылдау шарттары, қажетті құжаттар тізімі туралы ақпараттар беріледі.

Астана қаласы әкімдігінің балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің және спорт түрлерінің толық тізімі тіркелген.

Елорданың олимпиадалық резервтегі мектептеріндегі мемлекеттік спорттық секцияларға қабылдау жыл сайын тамыз-қыркүйек айларында жүргізіледі. Қазіргі кезде Астанада кішкентай астаналықтар үшін 12 мекеме жұмыс істейді, онда 60-тан аса спорт түрінен спортшылар дайындалады. Сонымен қатар, 17 спорт түрінен мүмкіндігі шектеулі балалар білім алуда. Аталған мектептерде балалар ақысыз негізде оқытылады.

Соңғы жаңалықтар