+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Астанада соңғы 10 күнде шетелден ұшып келген 1 437 жолаушы стационарға жатқызылған

2020 жылғы 16 қазан 12:00
Бөлісіңіз:
Астанада соңғы 10 күнде шетелден ұшып келген 1 437 жолаушы стационарға жатқызылған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 6 қазаннан бүгінге дейін «Рамада Плаза» қонақ үйіндегі карантин стационары 64 рейстен әуе жолаушыларын қабылдады. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Муратов мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО коронавируспен күресіп жатыр: Төсек-орын саны 12 есе ұлғайтылды БҚО-да коронавируспен күрес шараларына 12 млрд теңге бөлінді Ералы Тоғжанов ШҚО-дағы бірқатар шектеу шарасын қабылдауды тапсырды

ПТР сынағынан өткені туралы анықтамасы жоқ Қазақстан Республикасының 1 437 азаматы карантин стационарына жатқызылды. Оның ішінде 2 жолаушы коронавирустың симптомсыз тасымалдаушысы болып шықты және медицина қызметкерлерінің бақылауымен үй жағдайындағы карантинге оқшауланды.

«Күн сайын карантин стационарының мамандары 150-ден астам қажетті анықтамасы жоқ жолаушыны қабылдайды. Коронавирус инфекциясы таралмас үшін ауқымды жұмыс жүргізілуде. Коронавирустың алғашқы толқыны кезіндегі ахуал қайталануын ешқайсымыз қаламаймыз, сондықтан әріптестеріміздің ұтқырлығы мен кәсібилігі бұл жерде үлкен рөл атқарады», - деді басқарма басшысы Тимур Муратов.

16 қазанда 5 халықаралық рейс қабылданды: Германиядан - 1, Египеттен - 1, Түркиядан - екеу, Беларусьтен - 1 рейс. Оның ішінде COVID-19 сынағын ПТР әдісімен тапсырғаны туралы анықтамамен - 453, анықтамасыз -120.

120 жолаушының барлығы карантин стационарына («Рамада Плаза» қонақ үйінде) оқшауланып, ПТР тестілеуі өткізілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT