Астанада Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының жәрмеңкесі өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 және 9 қазанда елордадағы ауылшаруашылық жәрмеңкесінде өз өнімдерін Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының тауар өндірушілері ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана әкімдігінің ресми сайтында мәлім етілгендей, жәрмеңкеге 130-ға жуық кәсіпорын қатысады. Ассортимент 1200 тоннадан астам өнімді құрайды. Олардың ішінде картоп пен көкөністер – 741 тонна, еттің барлық түрі және шұжық өнімдері – 208 тонна, сүт өнімдері – 45 тонна, балық – 20 тонна, бал – 26 тонна, ұн мен макарон өнімдері – 148 тонна, жұмыртқа – 125 мың дана, сондай-ақ осы өңірлерде өндірілетін өзге өнімдер бар.

«Барлық өнімдер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай, сатушыларда өнімдердің шығу тегін, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар болады.

Сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама дайындалды», - делінген хабарламада.

Өнімдер делдалсыз ұсынылатындықтан, олардың бағасы 10-20% төмен болады.

Еске салайық, жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері 30 қазанға дейін өтеді. Өтетін орны: «Астана-Арена» стадионының жанындағы алаң.

15-16 қазанда өз өнімдерін Павлодар облысының кәсіпкерлері ұсынады.


Фото: gov.kz




Соңғы жаңалықтар