Астанада Сирия мәселесі бойынша келіссөздер басталды - СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада барлық кепілгер елдердің делегацияларының қатысуымен Сирия бойынша Астана процесі аясында екіжақты және үшжақты келіссөздер басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы хабарлағандай, келіссөздер жабық түрде өткізіліп жатыр. Қазақстанның астанасына сонымен бірге Башар Джаафаридің басшылығындағы үкімет делегациясы мен БҰҰ делегациясы келіп жетті. Сирия бойынша БҰҰ Бас хатшысының арнайы уәкілі Стаффан де Мистура елордаға бүгін күндіз келмек. Сирия қарулы оппозициясының делегациясы 15 мамыр күні түнде келеді деп күтіліп отыр.

Әнуар Жайнақовтың хабарлауына қарағанда, Астанадағы Сирия бойынша келіссөздердің осы раундына АҚШ делегациясы қатысудан қалыс қалған.

Осыған дейін хабарланғанындай, кепілгер елдерден алынған ақпараттарға сәйкес, Астанадағы келіссөздер барысында тараптар Сириядағы қазіргі жағдайды, соның ішінде деэскалация аймақтарында гуманитарлық мәселелерді және сенімді нығайту шараларын талқылайды, сондай-ақ осы араб еліндегі дағдарысты реттеу процесін дамытуды үйлестіру мәселелерін қарауға ниетті.

Соңғы жаңалықтар