Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер ішкі істер министрлерінің екінші кездесуі өтеді

None
None
АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 28 сәуірде Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің екінші кездесуі өтеді.

Бұл туралы бүгін болған апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Абдрахманов айтты.

«Оған алты елдің құқық қорғау органдарының басшыларымен қатар ШЫҰ-ның хатшылығы мен аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымының жетекшілері, сондай-ақ бақылаушы елдердің және аталған диалог аясында әріптес мемлекеттердің өкілдері қатысады деп күтілуде»,-деді ресми өкіл. Алдағы шара барысында тараптар ұйымдасқан қылмыс, есірткінің заңсыз айналымы, заңсыз көші-қон мәселелерін талқыламақ.

Соңғы жаңалықтар