Астанада Шыңғыс Айтматовты еске алу кеші өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қырғыз елінің ұлы жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына орай «Адамзаттың Айтматовы» атты әдеби-музыкалық еске алу кеші өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кештің құрметті қонақтары қатарында Шыңғыс Айтматовтың ұлы Асқар Айтматов, Қырғызстан Республикасының мәдениет, ақпарат және туризм министрі Азамат Қапарұлы, Айтматовтың жақын досы, атақты ақын Мұхтар Шаханов, КСРО халық әртісі Әлібек Дінішев, РСФСР еңбек сіңірген әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлық лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Наталья Орынбасарова, ҚР Мемлекеттік сыйлық лауреаты Майра Мұхамедқызы және басқа да көрнекті тұлғалар болды.

«Шыңғыс Айтматовтың Қазақстанға деген құрметі ерекше еді, өзінің «Боранды бекет» шығармасындағы Едіге - нағыз қазақтың бейнесі екенін баса айтатын. Осыдан он жыл бұрын Шыңғыс Төреқұлұлы Елбасымыздың шақыруымен Қазақстанға келіп, ресми шаралардан кейін жеке сұбхаттасу мүмкіндігі туып еді. Өкінішке қарай, соңғы кездесуіміз екен. Ол кісінің біздің елге, халқымызға деген ыстық ықыласы әлі есімде», - дейді кеш жайлы ойымен бөліскен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Фейсбук парақшасында.

Министрдің жазуынша, тірі кезінде классикке айналған Шыңғыс Айтматов шығармаларын қырғыз және орыс тілінде жазған. Жазушының туындылары 150-ден астам тілге аударылған.

«Қырғызстан мен Қазақстанның Халық жазушысы, саяси қайраткер, дипломат еді. Ұлы тұлғаға бас иіп, мәңгілік есте сақтаймыз», - дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар