Астанада шығыстанушы ғалым - Сафар Абдуллоның кітаптары таныстырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада өтіп жатқан «Eurasian Book Fair-2017» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде танымал шығыстанушы, профессор, жазушылар одағының мүшесі Сафар Абдуллоның үш кітабы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

презентация книги
Жаңа жинақтар «Фирдоуси және Иран мен Орталық Азия халықтарының ұлттық эпосының дамуы», «Рудаки және Парсы поэзиясының 1000 жылы» және «Парсы-орыс, орыс-парсы халықаралық-экономикалық, қоғамдық-саяси сөздігі» деп аталады.
презентация книги 

Алғашқы екі кітапта Иран мен Қазақстан ғалымдарының және 2008 жылы Алматыда өткен «Фирдоуси және Иран мен Орталық Азия халықтарының ұлттық эпосының дамуы», «Рудаки және Парсы поэзиясының 1000 жылы» атты халықаралық конференцияларға қатысушыларылардың ғылыми мақалалары жинақталған. Ал жаңа сөздікті автор заманауи және жиі қолданылатын 12 мыңнан астам парсы сөздерінің негізінде құрған.

Кітап авторымен  бірге, тұсаукесерге Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасы Елшісінің кеңесшісі Масуд Шейх Зейнеддин де қатысты. Ол Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады және қатарынан екінші рет өткізіліп отырған кітап жәрмеңкесінің жас оқырмандарға оң ықпал ететінін атап өтті.
презентация книги 

«Кітап  тұтас адамзатқа ықпал ететін өнер. Яғни, ел болашағының жарқын болуын ойласақ, халықтың рухани дамуына септігін тигізетін осындай шараларды көптеп өткізуіміз керек. Шара ұйымдастырушыларына сәттілік тілеп, жылдан жылға қатысушылар саны арта берсін деп тілеймін. Әрине, мұндай ауқымды шараларды өткізуге билік те, халық та атсалысуы тиіс. Біз де өз тарапымыздан жәрмеңкеге Фирдоуси, Хафиз, Омар Хайям, Мәуләни сынды ұлы тұлғалардың түрлі тілде басылған әдеби кітаптарын әкелдік», - деді Масуд Шейх Зейнеддин салтанатты тұсаукесер барысында.
презентация 

Өз кезегінде, Сафар Абдулло Фирдоуси мен Рудакидің есімдері қазақ халқына таңсық еместігін, Рүстем-Дастан жырының қазақ фольклорына етене сіңіп кеткенін айтып, жаңа жинақтардың қазақстандық оқырмандардың қызығушылығын тудырарына сенім білдірді.

Салтанатты таныстырылым соңында Еуразия ұлттық университеті, шығыстану факультетінің студенттері Омар Хайямның жырларын оқып, Иран эстрадасының әндерін орындады.
презентация книги 

Астанада өтіп жатқан «Eurasian Book Fair-2017» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі ТМД, Еуропа және Азия елдерінің баспа ісі, кітап саудасы, ғылым-білім және полиграфиялық компанияларынбір алаңға біріктіруге бағытталған ағартушылық және гуманитарлық мақсатта ұйымдастырылған. Үш күнге созылатын бұл көрмеге 25 мемлекеттен келген 90 компания катысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар