Астанада шыбын-шіркейді улау жұмыстарының екінші кезеңі басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астанада шыбын-шіркейге қарсы дезинсекциялаудың 2 кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елорда мен қаламаңында маса мен шыбын-шіркейдің ұшатын түрлеріне қарсы дезинсекция жұмыстарының 2 кезеңі басталды. Ашық су қоймаларын және қаланың көшелерін өңдеу бойынша жұмыс бір мезгілде қаланың барлық аудандарында қолға алынады, бұл шыбын-шіркейлердің басқа аумаққа ұшып кетуіне жол бермейді», деп жазды қала әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов Facebook-тегі парақшасында.

Дезинсекция және дератизация жұмыстарына «Сарыарқа», «Есіл», «Байқоңыр» және «Алматы» аудандарынан әрқайсысынан 3 бригададан жұмылдырылған. Олар термогенереатор, роторлы бүркіккіш және басқа да арнайы техникалармен жабдықталған. Өңдеу жұмыстарын бригадир, биолог, дезинфекциялаушы маман секілді 100-ден астам адам жүзеге асырады.

«Сарыарқа» ауданында дезинсекция жұмыстары Жеңіс даңғылы-Бөгенбай даңғылы-Республика көшесі-Есіл өзенінің жағасы алаңдары аумақтарында жүргізіледі.
«Байқоңыр» ауданында: - Жастар шағын ауданы тұсы, Отырар, А.Иманов, Бараев, Кравцов, Ж.Тәшенов, Жәнібек Тархан - Таха Хусейн көшелері, Ақбұлақ және Есіл өзендері маңы, Ататүрік саябағында жүргізіледі.
«Есіл» ауданында - Қабанбай даңғылына баратын Есіл өзенінің жағасындағы көпір, «Сарыарқа» көпірінен және Бейсеков көшесіне дейін.
«Алматы» ауданында - Ақбұлақ ауданы, Тәуелсіздік көшесі, Б.Момышұлы даңғылы, Р.Қошқарбаев даңғылы шаршы алаңында және Есіл өзені бойында жүргізіледі.
Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанда дезинсекция және дератизация жұмыстарын жүргізудің бірінші кезеңі мамыр айының басында өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар