Астанада шомылу маусымы басталғалы 4 бала суға кетті

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының аумағында шомылу кезеңі басталғалы кәмелетке толмаған 4 бала суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Суға шомылу маусымы басталғаннан бері суға батқан адамдар саны артып отыр. Оның ішінде, әсіресе, балалармен болатын қайғылы жағдайлар бар. Суға шомылу кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін балалардың бірі білсе, бірі біле бермейді. Білсе де дұрыс сақтамайды. Балалар тұрмақ, үлкендердің өзі қауіпсіздік ережелеріне аса қатты мән бере бермейтін жағдайлар кездеседі. Соның салдарынан әртүрлі оқыс жағдайлар болады. Елорда аумағында шомылу кезеңі басталғалы бері кәмелетке толмаған 4 бала суға кетіп қаза болды», - деді полициядан.

Ведомство баспасөз қызметінен атап өткендей, балалардың ересектер қадағалауынсыз және белгіленбеген орындарда шомылуына жол бермеу керек.


Соңғы жаңалықтар