Астанада «Шарықтаған Оңтүстіктің әндері-ай» атты концерт өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Этноауыл» ұлттық мәдени кешенінде   «Шарықтаған Оңтүстіктің әндері-ай» атты концерт өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған  көрмесі аясында өтіп жатқан кеште Астана тұрғындары мен қонақтарына  Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның  өнерпаздары ән мен биден шашу шашты.
null 

«119 өнер адамынан құралған біздің өнер ұжымы Астана қаласындағы ЭКСПО көрмесіне келдік. 29 тамыздан бастап Астананың әр жерлерінде концерттік бағдарламалар өтуде. Бүгін мұнда эстрадалық бағыттағы үлкен концерт болып жатыр. Өздеріңіз көріп отырсыздар, халық ерекше қарсы алып, ыстық ықыласын білдіріп, тойда жүргендей бізбен бірге билеп, көңілдерін көтеріп жатыр. Осындай мүмкіндіктер сыйлап отырған Елбасымызға, Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігіне үлкен алғысымызды білдіреміз», дейді Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясы бас директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары Әлімжан Раушанбекұлы.
null 

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері аясында ауқымды іс-шаралар өтіп жатыр.  

Атап айтқанда, 29 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты, өнер мен шығармашылықты паш ететін 10-нан астам шара елордалықтар мен қала қонақтарының назарына ұсынылатын болады. Бес күнге созалатын дүбірлі тойда оңтүстікқазақстандық өнер майталмандары «Түркі елінің түп тамыры - Оңтүстіктен мерейлі Астанаға сәлем!» өнер керуені, «Сәлем Астана! Сәлем, ЭКСПО!», «Оңтүстік әзілдері» шоу-концерттерін ұсынса, өңірдің тарихи құндылығы мен ерекше мәдени келбетін дәріптейтін көрнекті жәдігерлердің көрмесі мен тарихтан сыр шертетін суретшілер мен қолөнершілер бұйымдарының көрмелері өткізіледі.
null null 

29-31 тамыз аралығында «Бейбітшілік және келісім» сарайында өтетін көрмеге өңіріміздің тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, фармацевтика және құрылыс заттары салаларының 50-ден астам кәсіпорындары қатысады.

Сондай-ақ, 30 тамыз күні сағат 11.00-де Астана қаласының оқушылар сарайында «Күш атасы - Қажымұқан» анимациялық фильмінің тұсаукесері өтсе, 31 тамыз күні «Отырар дастаны», «Қазақстан барысы», «Толағай», «Қазақстан бренді» анимациялық фильмдерін Астана жұртшылығы тамашалайды. Ал 2-3 қыркүйек күндері аграрлы аймақтың ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Жәрмеңкеге нарық бағасынан арзан құны 265 млн. теңге болатын 550 тоннаға жуық өнім шығарылады. Мұнан бөлек, республика бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны жағынан көш бастайтын Оңтүстіктің өнеркәсіп тауарларының көрмесі өтеді.

 Демалыс күндері «Қазанат» ипподромында аударыспақ, қыз қуу, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік өнерлері көрсетілетін болса, 3 қыркүйек күні «Этноауылда» қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ және көрермендер арасында «Қошқар көтеру» сайысы ұйымдастырылады.

3 қыркүйек күні сағат 21.30-да ЭКСПО алаңындағы Амфитеатрда Оңтүстіктен шыққан қазақ эстрадасының жұлдыздары Нұрлан Өнербаев, Қайрат Нұртас, Алтынай Жорабаева, Жұбаныш Жексенұлы және тағы басқа да көптеген өнер майталмандары өнер көрсететін «Ән мен күй әлдилейді Астананы!» атты қорытынды Гала-концерті өтеді.  

null null null null 

Соңғы жаңалықтар