Астанада Шанхайдың алпауыт кәсіпорындарының көрмесі өтуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қытайдың ірі компанияларының өнімдері ұсынылған «Шанхай апталығы» халықаралық көрмесі ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Көрменің салтанатты ашылуына ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров, Шанхай халық үкіметі жауапты хатшысының орынбасары Цзинь Синмин, ҚР Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Аян Қыраубаев, Шанхай қаласы халықаралық сауда комитетінің төрағасы Ян Цзяньжун қатысты.

Көрме Шанхай қаласының халықаралық сауда-саттық комитетінің бастамасымен ұйымдастырылған және онда энергетика, автомобиль құрастыру, құрылыс, химиялық өндіріс, тоқыма және азық-түлік өндірісі салаларындағы Шанхайдың белді кәсіпорындарының жаңа технологиялары, құрылғылары мен тауарлары қойылған.

Әсіресе, мұнда энергетика саласындағы тың жаңалықтарға ерекше мән берілген. Энергетика саласында жұмыс істейтін Қытайдың төрт корпорациясы - Shanghai Electric Group, Shenergy Group, Shanghai GCL New Energy Investment CO., CEFC China Energy Company Limited компаниялары көрмеге атом энергетикасы саласындағы жаңа инновациялық құрылғылар, газ турбиналары, теңіздегі жел электр стансалары, сыйымдылығы жоғары күн панельдері сынды «жасыл» энергия өндірісі саласындағы жаңалықтарды алып келді.

Одан бөлек, көрмеге Shanghai Building Materials Group, SAIC Motor Corporation, Shanghai Huayi, Shangtex Holding, Bringht Food  компанияларының құрылыс материалдары, азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп, халық тұтынатын тауарлар және электромобильдер қойылды.

«Shangtex Holding корпорациясының 130 жылдық тарихы бар. Бұл Қытайдағы тоқыма және киім өндірісі саласындағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Біз халықаралық саудамен, сән индустриясындағы брендтерді дамытумен және жылжымайтын мүлік пен  инфрақұрылымдық нысандардың құрылысымен айналысамыз. Бүгінгі көрмеге үздік тоқыма өнімдерін әкеліп отырмыз. Қазақстандық кәсіпкерлермен өзара тиімді келісімшарт және іскерлік қарым-қатынас орнатуға дайынбыз», - дейді Shangtex Holding корпорациясының өкілі Лин Хуа.

null

«ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Radisson Blu Astana қонақүйінде ашылған  бұл көрме 5 шілдеге дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар