Астанада шахматтан әлем чемпионаты өтеді, жүлде қоры – 2 млн доллар

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында Астанада шахматтан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап.

«Нағыз керемет жаңалығымыз бар! 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында Астанада шахматтан 2023 жылғы әлем чемпионаты өтеді.

2022 жылғы үміткерлер турнирінің жеңімпазы Ян Непомнящий мен үміткерлер турнирінде екінші орын алған Дин Лижэнь шахмат тәжі үшін таласады.

ФИДЕ классикалық шахмат чемпионатының бас демуші серіктесі – Freedom Holding Corp. Ал, турнирдің жүлде қоры – 2 миллион доллар», - делінген федерацияның әлеуметтік желідегі парақшасында.


Соңғы жаңалықтар