Астанада «Шабыт» фестивалінің лауреаты, ақын Серік Сейітманның жаңа кітабының тұсаукесері өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 қыркүйекте «Шалқар» радиосының бас редакторы, халықаралық «Шабыт» фестивалінің 1-дәрежелі лауреаты, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, ақын Серік Сейітманның «Қарашаңырақ» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді, деп хабарлады ұйымдастырушылар алқасы.

Кешті ақын, сатирик Көпен Әмірбек жүргізеді. Сондай-ақ, Шолпан Қорғанбекова жетекшілік ететін «Көк түріктер» этнофольклорлық ансамблі, халықаралық «Азия дауысы» фестивалінің бас жүлдегері, әнші Бауыржан Исаев, дәстүрлі әнші Жасұлан Базарбеков, күйшілер Сәрсенғали Жүзбай мен Ардаби Мәулет т.б. өнер тарландары өз өнерлерін ортаға салады.

Тұсаукесерге бұқаралық ақпарат құралдары мен зиялы қауым өкілдері және ерікті оқырмандар қатысады. Кеш соңында оқырман қауымның әрбіріне жаңа кітап үлестіріледі.

Шара Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының салтанат залында сағат 11.00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар