Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 14 °С
Алматы: 4 °С
USD 327.42 EUR 383.51
RUB 5.29 CNY 51.26
Жаңалықтар

Астанада «Сергек» камералары тағы да көбейеді

2018 жылғы 15 ақпан 17:46 1317
Бөлісіңіз:
Астанада «Сергек» камералары тағы да көбейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана жолдарына «Сергек» жүйесінің тағы 100 камерасы орнатылады. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Астана автобустарында жолақы 200 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін Жаңаөзенде көлік айдап кеткен 14 жасар жеткіншектің әкесі жазаланбақ

«2017 жылдың 12 айында фото-видеотіркеудің аппараттық-бағдарламалық кешендерімен 100 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде «Сергек» жүйесімен тіркелгендер де бар. Ақпанның соңына дейін Астана ІІД әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен «Сергектің» қосымша 100 кешенін іске қосу жоспарланып отыр», - делінген хабарламада. 

«Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені көмегімен әкімшілік айппұлдары бар борышкерлерді анықтау мүмкіндігі бар. Бұл ретте көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері арқылы айқындалады.

«Инспектор планшет арқылы «Сергектің» кез келген камерасына қосылып, 100-150 метр қашықтыққа экипажды қояды. Осы орайда бұл аумақтан өткен көліктердің барлығы төленбеген айыппұлдар бойынша тексеріледі. Сәйкестік болған жағдайда көлік тоқтатылып, тиісті шаралар қабылданады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2018 жылдан бастап азаматтар 7 күннің ішінде әкімшілік айыппұлдың (фото-видеотіркеу арқылы анықталған) толық сомасынан 50 пайызын төлеу мүмкіндігіне ие.

 

 


Басты сөздер: Астана, ҚР ІІМ, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат