Астанада сауда үйі дизельдің бағасын себепсіз өсіріп жіберген

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі үстемдігін теріс пайдалану фактісі бойынша «ТЭК Қазақстан» сауда үйі» ЖШС-не қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тергеу қорытындысы бойынша «сұйық, сусымалы және тараға салынған жүкті (дизель отынын) қабылдау, сақтау және жіберу» қызметіне монополиялық жоғары баға белгілеу фактілері анықталды.

Тергеу материалдары Астана қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды. Қылмыстық іс қозғалды.


Соңғы жаңалықтар